Бельгияда сауда орындары ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда сауда орындары ашылды

02.12.2020

Бельгияда коронавирус жұқтырғандар мен індеттен қайтыс болғандардың саны азайды. Эпидахуал сәл тұрақталған соң үкімет елдегі бассейн, мұражайлар мен сауда орталықтарының ашылуына рұқсат етті. Қазір бізбен Брюссельден Нұрсұлу Қасым байланысқа шықты.  

Нұрсұлу Қасым, тілші: 

-Бір ай жабық тұрған елдегі 43 мыңнан астам сауда орны бүгін есіктерін қайта ашты. Оларға қойылған талап қатал. 10 шаршы метрге бір адамнан ғана кіргізуі тиіс. Келушілердің маска киіп, дүкеннің ішінде 1,5 метр әлеуметтік ара-қашықтықты сақтауын дүкен қызметкерлері қадағалауға міндетті. Және әр адамға сауда жасауға жарты сағат уақыт беріледі. Іштегі адам шыққанша сырттағылар күтуі тиіс. Жаңбырға, күннің суықтығына қарамастан мұнда ұзын-сонар кезек.  
Биліктегілер тұрғындарға аса қажеттілік болмаса сауда орталықтарына бармауға кеңес беруде. Өйткені індет жұқтыру қаупі әлі сейілген жоқ. Сондықтан, карантин ережелерінің сақталуын полиция қызметкерлері қадағалап жүр. Бір ғана Брюссельде соңғы 6 айда тәртіпке бағынбаған 10 мың адамнан айыппұл өндірілген. Айыппұл мөлшері адам басына 250 еуро. Жалпы статистикаға келетін болсақ, бүгінге дейін Бельгияда коронавирусты 580 мыңға жуық адам жұқтырып, індеттен 16 мыңнан астам адам көз жұмды.  

Нұрсұлу Қасым


Бельгия сауда орындары коронавирус

Хабарламаларға жазылу