Қостанайлық полицейлер тұтынушыларды алдап, таразыдан жеген саудагерлерді таба алмады
Қостанайдың орталық базарында тұтынушыларды таразыдан жегендерді полиция ақыры таба алмады. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада таразы табағына жіп байлап, сол арқылы тауар салмағын көбейтуге болатыны жайлы бейнежазба әлеуметтік желіде тараған еді. Іле жергілікті полиция мен қала әкімдігі бірігіп орталық базарға тексеру жүргізді. Алайда бейнежазбада көрсетілген механикалық таразылардың орнына қазір электронды таразылар қойылған. Бейнебақылау камерасы арқылы да нақты қай саудагердің мұндай әрекетке барғанын анықтау мүмкін болмады. Сондықтан полиция саудагерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескертумен шектелді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гибридті көлік иелері қосымша төлемге қарсы
14.05.2026, 20:58
Психдиспансерде есепте тұрған адам мектеп автобусымен оқушыларды тасыған
14.05.2026, 20:56
Жұмысшы құқығын қорғауға бағытталған заң мақұлданды
14.05.2026, 20:55
Туризмді түлеткен жобалар
14.05.2026, 20:53
Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді
14.05.2026, 20:14
Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
14.05.2026, 20:13
Ертең Түркі мемлекеттер ұйымының бейресми саммиті басталады
14.05.2026, 20:12
Сарапшы: Түркі мемлекеттері ұйымының геосаяси ықпалы артып келеді
14.05.2026, 20:08