Павлодарда жылу желісіндегі апат салдарынан 400-ден астам үй жылусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жылу желісіндегі апат салдарынан 400-ден астам үй жылусыз қалды

30.11.2020

Өткен демалыс күндері жылусыз қалған Павлодар қаласының тұрғындары сол екі күн үшін жылуға ақша төлемейді. Аймақ басшысы монополист компанияға осылай деп нұсқау берді. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның жұма күні кешкісін шаһардың оңтүстік бөлігіне жылу беретін 1-ші орталыққа қарасты диаметрі 800 миллиметрлік құбыр тесіліп, 440 үй және 36 әлеуметтік нысан жылусыз қалды. Апат орнына облыс әкімі барғаннан кейін дереу шешім қабылданып, бұл нысандар 2-ші және 3-ші электр орталықтарына қосылды. Ал ақау шыққан желідегі жөндеу жұмыстары бір тәуліктен кейін аяқталды. Істен шыққан желі жөнделіп, қала жылумен толық қамтылды. 

Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі:
Төтенше жағдайға жауапты құрылымдар тегіс жұмылдырылып, жылу желісі толық жөнделгенше қызмет көрсетті. Негізі жылу маусымы аяқталғанша осындай режимде жұмыс істеу керек. Ақау шыққанға дейін оның алдын алуды қамтамасыз еткен жөн. Кезекші диспетчерлерініз жұмысты ширатсын.

Болат Аманбаев

жылусыз қалды Павлодар

Хабарламаларға жазылу