Бір аптада Қазақстанда 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз соңғы бір аптадағы қылмыс фактілерін баяндады.
«Өткен аптада елімізде 3276 қылмыс жасалды. Ізі суымай 2188 қылмыстың беті ашылды. Атап айтқанда 8 адам өлтіру фактісі және 4 денсаулыққа қасақана зиян келтіру оқиғасы, 2 тонау мен 42 ұрлық фактісі тіркелді», - деді ол онлайн брифингте.
Бұдан бөлек, батысқазақстандық полицейлер ақбөкенді заңсыз аулап жүрген 2 қылмыстық топты ұстады.
«Өткен жылдың қыркүйегінен бері облыс территориясында браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топтардың 11 мүшесі ұсталды. Тергеу барысында ақбөкендердің 700 мүйізі мен 9 даңа қару, 7 жол талғамайтын көлік, 2 қалың қарда жүруге арналған көлік пен 2 мотоцикл тәркіленді. Браконьерлер мемлекетке 700 миллион теңгеден астам зиян келтірген. Тергеу жалғасып жатыр», - деді ресми өкіл.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Республикалық ата-аналар форумы өтті
11.04.2026, 20:15
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллект бойынша тегін «AI Upgrade» курсы іске қосылады
11.04.2026, 20:14
Ғұмырын ғылымға арнаған – Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09