Әлеуметтік кодекс: Cала мамандарының мәртебесі айқындала ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік кодекс: Cала мамандарының мәртебесі айқындала ма?

29.11.2020

Қаңтар айынан қыркүйектің соңына дейін елімізде 385 компания банкротқа ұшыраған. Ақпарат айдынына шыққан мәліметті Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті берген. 385 компанияның бесеуі ірі кәсіпорын, 30-ы орташа, 350-і шағын кәсіпкерлік субъектілері. Ал сала бойынша бөлсе: 219 компания көтерме-бөлшек сауда саласына қатысты, екінші орында – құрылыс (91), үшінші орында – өңдеу өнеркәсібі (13). Бұл компаниялардың 800-ден аса қызметкерге 425 млн-нан аса теңге жалақы қарызы жиналып, төрттен біріне жуық бөлігі өтелген.    

Елімізде Әлеуметтік кодекс қабылданады. Онда әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін әлеуметтік тіпті, медициналық жәрдемнен бастап заң тұрғысынан көмек бере алатын бесаспап маман – әлеуметтік қызметкер мәртебесі айқындала ма екен? Жалпы, бізде ондай қызметкерлерді үй тазалап, дүкеннен азық-түлік әкеліп беретін, қан қысымын өлшеп, құжаттар толтырып беретін көмекші ретінде қабылдайды.

Қазіргі таңда әлеуметтік қорғау жүйесінде 12 мың әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, денсаулық сақтау саласында – 3850, білім беру саласында 4000-нан аса, ІІМ линиясы бойынша – 3214. Дегенмен олардың бәрі кәсіби маман емес. Квалификациясы бар мамандар 5,8 процент ғана. Ал мемлекеттік білім тапсырысы бойынша осы мамандыққа бөлінетін гранттарға келсек 2018 жылға дейін өсіммен бөлінген, мысалы, 2017 жылы 122, 2018 жылы 300. Бірақ былтыр бірде-бір грант бөлінбеген. Биыл бойынша есеп табылмады.  

Негізі біздегі көп тірлікті волонтерлар – еріктілер тындырып отыр. Жазда, коронавирус індеті әл бермей кеткен кезде көп адамның көз жасын еріктілер құрғатты. Азамат Алдоңғардың материалы.


Әлеуметтік кодекс әлеуметтік қызмет

Хабарламаларға жазылу