Өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус анықталды

29.11.2020

COVID-19 коронавирусы мен соған ұқсас пневмония бойынша біздің еліміздегі соңғы ақпар: COVID-19 вирусы ПТР тест бойынша өткен тәулікте 826 адамнан анықталды, ең көбі әлі де Шығыс Қазақстан облысында: 135, сосын Солтүстік Қазастан облысы: 105, Ақмола облысы: 86, Қостанай облысы: 85, Алматы қаласы: 73, Нұр-Сұлтан: 83. Ресми дерек бойынша наурыздан бері жалпы саны 130 865, ресми ақпар бойынша қайтыс болғандар саны 1990.  

Ал коронавирустық белгісі бар пневмония бойынша өткен тәулікте 164 ауру тіркелген. 3 адам қайтыс болған. Тамыздан бері хатталады, тиісінше, сол уақыттан бері тіркелгендер саны 42 104, қайтыс болғандар 443.

COVID-19 бен оған ұқсас пневмония бойынша соңғы тәуліктерде 1000- н астам адам жұқтырып жатыр. Рейдтер көрсетіп отыр, ереже сақтауға ниет жоқ. Әңгіме нан табу әрекеті туралы емес. Той, қонақасы, құдалық өткізу тыйылмай тұр. Айыппұл тойхана қожайындарын да, той иелерін де тоқтатар емес. 


коронавирус

Хабарламаларға жазылу