Теңге қайта әлсіреп жатыр

27.11.2020

Теңге қайта әлсірей бастады. Бүгін қор биржасындағы сауда нәтижесі мынадай. Бір АҚШ ақшасы - 424,1; Еуро – 504,1; Рубль – 5 теңге 50 тиынға тең. Негізі дүйсенбіден бері ұлттық валютамыз долларға шаққанда 7 теңгеге нығайған еді. Бағамның қайта кері кетуіне әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздық себеп дейді сарапшылар. Әрі айтарлықтай девальвация болады деп қауіптенудің қажеті жоқ. Әзірге теңге осы қалпында сақталады деп отыр. Есесіне елімізде доллардағы депозиттердің көлемі 43-тен 40 пайызға дейін азайды. Яғни салымшылар ақшасының 60 пайызы теңгемен сақтаулы. Ұлттық банк өкілдері бұған елімізде жүргізілген дедолларизация себеп дейді. 

Досжан Маратұлы 

Теңге

Хабарламаларға жазылу