Білім мекемелерінде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты фильмдер топтамасы көрсетіліп жатыр
Тұңғыш Президент күніне орай еліміздің білім беру мекемелерінде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты фильмдер топтамасы көрсетіліп жатыр. 7 бөлімнен тұратын туынды Елбасы реформаларының арқасында азаттықтың негізгі жетістігіне айналған экономика, интеграциялық үдерістер, ұлтаралық келісім, антиядролық бастамалар, жаңа астана, транзиттік әлеует тақырыптарына арналған. Онлайн режимде өтетін шараның негізінде түрлі жиындар ұйымдастырылып, оған 2 миллион 800 мыңға жуық мектеп оқушысы мен 700 мыңнан астам студентті қамту жоспарланған.
Гүлшат Нұрымбетова, Абай атындағы ҚАЗҰПУ «Ұлы дала тұлғалары» орталығының директоры:Фильмдерде барлық өзекті мәселелердің қалай шешілгені көрсетілген. Студенттер осы фильмдерді көру арқылы біздің өткен жолымыздан үлкен сабақ алады деп ойлаймын. Олардың тарихи санасының қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04