«Самұрық-Қазына» әлемдегі ең тиімді қорлардың ондағына енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» әлемдегі ең тиімді қорлардың ондағына енді

26.11.2020

«Самұрық-Қазына» төрағасы әлемдік инвестициялық ұйымдар басшыларының үздік ондығына кірді. Халықаралық Ұлттық әл-ауқат қорлары институтының мәліметінше Ахметжан Есімов ең беделді менеджерлердің арасында 9-орынға ие. Ал рейтингті АҚШ Федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэл бастап тұр. Тізімді жасау кезінде қорлардың табысы мен атқарған жұмысы есепке алынған. Бұрын институт үздік жүздіктің есімін жариялайтын. Алайда биыл тек беделді 10 топ менеджерды анықтаған. 

Досжан Маратұлы 


Самұрық-Қазына қор

Хабарламаларға жазылу