Ералы Тоғжанов Жамбыл облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ералы Тоғжанов Жамбыл облысына барды

26.11.2020

Жамбыл облысы Қордай ауданында қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізіліп, жергілікті тұрғындарды мазалайтын мәселелер анықталды. Әлеуметтік салаға арналған сауалнамаға 30 мыңдай тұрғын қатысты.Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қордайға арнайы барғанда Масаншы ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиынға ауыл қариялары мен зиялы қауым өкілдері де шақырылды. Онда Қазақстан халқы ассамблеясы елімізде тұратын көптеген этностар арасындағы бейбіт және үйлесімді қарым-қатынасты нығайтуға көмектесіп жатқаны айтылды. Вице-премьер осы бірегей модельсіз елдің тұрақты дамуы мүмкін емес деді. Сондықтан өскелең ұрпаққа осы құндылықтарды жеткізу аса маңызды.  


Ералы Тоғжанов Жамбыл облысы

Хабарламаларға жазылу