Президент Бейбіт Атамқұловты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Бейбіт Атамқұловты қабылдады

26.11.2020

Пандемияға қарамастан биыл өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскен. Ал, жыл соңына дейін инвестиция көлемі 995 миллиард теңге болатын 200 жоба іске аспақ. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. Оның сөзінше, осы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2,6 мың шақырым жол пайдалануға берілген.

Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Атамқұловқа жергілікті жерлердегі жолдарды жөндеу, арендалық баспана құрылысын тағы да арттыруды тапсырды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімін де қабылдады. Өңір басшысы коронавируспен күрес бойынша жұмысты баян етті. Аймақта жағдай күрделі болса да, бақылауда ұстап отырғанын жеткізді. Күніне 3 мыңдай ПТР сынамасы алынады. 600 медицина қызметкері білімін жетілдірген. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.  

Амангелді Сейітхан 

Бейбіт Атамқұлов Президент қабылдау Қасым-Жомарт Тоқаев

Хабарламаларға жазылу