Алматыдағы кесілген ағаштар үшін полицейлер жазалануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы кесілген ағаштар үшін полицейлер жазалануы мүмкін

26.11.2020

Алматыда сауда үйі алдында кесілген сирек кездесетін ағаштар үшін полицейлер жазалануы мүмкін. Себебі куәгерлер жасыл желектің кесілгенін көрген тәртіп сақшылары еш әрекет етпегендігін айтқан. Ал полиция басқармасының басшысы қызметкерлердің кінәсі анықталса, оларды жұмыстан босататынын мәлімдеді. Сонымен қатар, сауда үйінің де жауапкершілігі қарастырылып жатқанын атап өтті. Ал қазір аталған іске қатысы бар басты күдікті анықталып, өзгелері іздестірілуде.

Рустам Әбдірахманов, Қалалық ІІД басшысының орынбасары:
Басты күдікті анықталды. Ол Алматы қаласының тұрғыны. Күдікті аумақты абаттандыру үшін келісімшартқа отырған және он жұмысшы жалдаған. 11 ағаш оталған, оның 9-ы Қызыл кітапқа енген. Қазір сараптамалық зерттеулер тағайындалып, тергеушілер барлық уәкілетті органға сұраулар жолдады.

Жазира Оразқызы

Алматы заңсыз ағаш кесу

Хабарламаларға жазылу