Жол сапасы бойынша Қазақстан 141 елдің ішінде 93-ші орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол сапасы бойынша Қазақстан 141 елдің ішінде 93-ші орында

26.11.2020
Жол сапасы бойынша Қазақстан 141 елдің ішінде 93-ші орында

EnergyProm сайтында жарияланған рейтингте сапасы жоғары жолдардың ТОП-3-тігіне Сингапур, Нидерланд және Швейцария кірді.

Рейтинг республика бойынша жол жамылғысының сапасын бағалау арқылы жасалған. Бағалау кезіндегі максималды баға - 7,0, минимум баға- 1,0 болған. 2019 жылғы орташа көрсеткіш 4,07 құрады. Қазақстан 93-ші орынға жайғасқан. Ал, Ресей 99-шы, Қырғызстан 112-ші орында.

Елімізде 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында салаға 959,5 миллиард теңге инвестиция құйылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9% артық. Капиталдық салымдардың нақты өсімі 8,4% -ды құрады. Аймақтар бойынша негізгі инвестиция 119,9 млрд теңге Ақтөбе облысына келді. Сондай-ақ, үздік үштікке Түркістан (96,9 млрд теңге - өткен жылмен салыстырғанда 3,4 есе көп) және Алматы (92,8 млрд теңге) облыстары кірді.

Рейтинг Жол сапасы Energy Prom Қазақстан

Хабарламаларға жазылу