Міржақып Дулатұлының 135 жылдығына орай онлайн конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Міржақып Дулатұлының 135 жылдығына орай онлайн конференция өтті

25.11.2020

Ұлт қайраткері – ұрпақ жадында. Бүгін «Алаш» қозғалысының өкілі Міржақып Дулатұлының туғанына 135 жыл. Осыған орай «Ақ жол» демократиялық партиясы «Оян, қазақ!» атты онлайн конференция өткізді. Саяси құрылым алдағы сайлауда Тәуелсіздік және Алаш ұлттық идеясына басымдық бермек. «Бұл ретте кешегі ұлт қайраткерінің саяси тәжірибесін, мемлекетті дамыту бағытындағы ұстанымын және рухани мұрасын зерделеу мен насихаттау аса маңызды», - дейді партия басшылығы.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
Сол кездегі қазақтың ұлттық идеясының манифесті болды деп айтсақ, қателеспейміз. Бізге үлгі беретін, сабақ беретін осы Алаштың көсемдері. 

Дарын Сағитов

Міржақып Дулатұлы конференция

Хабарламаларға жазылу