«Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтті

24.11.2020

Бүгін Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен партияның Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті. Соңғы бес жылда саяси ұйым өзінің сайлау алды бағдарламасындағы уәделерінің басым бөлігін орындады. Бір жыл ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, алғаш рет праймериз өтті. Оған қатысушылардың үштен бір бөлігі және тізімге енген әрбір бесінші адам – жастар. Кандидаттардың 30 пайызы – әйелдер. Сонымен қатар көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, бизнес өкілдері мен жұмысшылар да қатысуға мүмкіндік алды. Партияның әрбір үшінші мүшесі жеңімпаз атанды. Осылайша, «Nur Otan» партиясы жұмысын қайта жандандыру аяқталды, - деді Тұңғыш Президент. Бюро мен саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттың тізімі «Nur Otan» партиясының ХХ съезіне ұсынылады.  

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:  
-Сол праймериздің нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейінде іріктеулерден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен съезге ұсынылып отыр. Ал бүгін праймериз тәртібіне сәйкес, қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде шешім қабылдауымыз қажет. 

Сондай-ақ, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады. 

Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне зор жауапкершілік артылып отыр. «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз, – деді Елбасы.

Асима Нұрбайқызы 


Nur Otan партия бюро

Хабарламаларға жазылу