Еуразиялық экономикалық одақ аясында әкімшілік кедергілер көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық экономикалық одақ аясында әкімшілік кедергілер көп

24.11.2020

Еуразиялық экономикалық одақтағы әкімшілік кедергілер Қазақстанның экспорттық потенциялын шектеп отыр. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова айтты. Аталмыш кедергілердің кесірінен жыл сайын сыртқа шығарылатын отандық тауарлардың 660 миллионы доллары елге қайтпай отыр. Сауда-саттықты тежейтін факторлардың қатарында қағазбастылық көп. Мәселен, ұйымдағы елдер аймақтық сертификаттар, банктік кепілдіктер туралы құжаттарды қажет етеді. Сондай-ақ ветеринарлық, санитарлық, талаптарды дәлелдеу де уақыт алады. Вице-министрдің айтуынша, одақ аясындағы осындай кедергілердің бүгінде 51-і жойылды. Оның 25-і Ресейге тиесілі еді.

Жанель Күшікова, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
Әлбетте, экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бәрі ең алдымен Ресей нарығына шығуды жоспарлайды. Сол себепті біз сол елдегі құқықтық кедергілерді анықтауға тырысамыз. Бұл мәселелер біздің халықаралық алаңда талқыланады. Солай ғана біз осы кедергілерді жоюдың шешімін тауып жүрміз.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу