Нарынқолда 40-тан астам жаңа үй пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нарынқолда 40-тан астам жаңа үй пайдалануға берілді

23.11.2020

Алматы облысының Нарынқол ауылында 40-тан астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа баспаналардың кілті көпбалалы отбасыларға, жетім және мүгедек жандарға,сондай ақ мемлекеттік қызметкерлерге табысталды. Жалпы елді мекенде 83 коммуналдық үй салынып жатыр. Бұл құрылыстың 1, 2 кезеңі бойынша салынып біткен баспаналар.

Амандық Баталов, облыс әкімі:
Жұмыссыз жүрген жастарға жұмыс, баспана беріп жатырмыз. Мамандар осы жерге келгенде қиналмасын, ештеңе ойламай жұмыс істесін деп. 

Райымбек ауданының орталығында Халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудандық прокуратура ғимараты да ашылды. Алдағы уақытта спорт кешені, мұрағат ғимараты мен 4 дәрігерлік пункт пайдалануға берілмек. 

Айта кетейік, соңғы екі жылда ауданның дамуына бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінді. Ескі нысандар жөнделіп, жұмыс орындары көбейген. Соның нәтижесінде жергілікті халық саны 40 мыңға жуықтап, мектептерде оқушылар қатары 1,5-2 есе артқан.

Нұрхан Нұрланұлы

Алматы облысы баспана мәселесі

Хабарламаларға жазылу