COVID-19: Өткен тәулікте 756 адамнан анықталды

22.11.2020

COVID-19 коронавирусы мен соған ұқсас пневмония бойынша біздің еліміздегі соңғы ақпар: COVID-19 вирусы ПТР-тесті бойынша өткен тәулікте 756 адамнан анықталды, ресми дерек бойынша наурыздан бері жалпы саны 125 466, қайтыс болғандар 1945. Облыстар бойынша айтсақ, ең көбі тағы да Шығыс Қазақстан облысында - 198, Павлодар облысында - 93, Солтүстік Қазақстан облысында - 91, Қостанай облысында -75, Нұр-Сұлтанда-59, Алматыда - 52. 

Ал коронавирустық белгісі бар пневмония бойынша өткен тәулікте 157 ауру тіркелген. 2 адам қайтыс болған. Тамыздан бері хатталады, тиісінше, сол уақыттан бері тіркелгендер саны 41 159, қайтыс болғандар 427.

Өсім жақсы емес. Аяқталған аптаны сараласақ, COVID-19 бен оған ұқсас пневмония бойынша тәулігіне орта есеппен 1000-ға жуық адам жұқтырып жатыр. Бір штрих - Қостанай облысы Аманкелді ауданына қарасты Байғабыл ауылының мұғалімі ковидтен жазылып шығуына орай, көпшілікті шақырып үйінде қонақасы берген. Карантин талабының орындалуын қадағалап жүрген мониторингтік топ жиынның үстінен түскен. Әуесқой түсірілімнен қонақтардың көбі егде жастағы кісілер екені байқалады. Ал індеттің бірінші кезекте жасы ұлғайған адамдарға қауіпті екені мәлім. Той, құдалық, қонақасы өткізу, мейрамханалардағы отырыстар, тексеруші топ барса, терезеден секіріп, дәретханаға тығылу – бұған тоқтам болмай тұр.


COVID-19 коронавирус

Хабарламаларға жазылу