899 млн теңге қарыз зейнетақы қорына қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

899 млн теңге қарыз зейнетақы қорына қайтарылды

20.11.2020

«Бузгул Аурум» қылмыстық ісіне қатысы бар экс-басшылар зейнетақы қорына 899 млн теңгеден аса ақшаны қайтарды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевтан 19 млн теңгеге жуық, қордың бөлім басшысы болған Мұса Бахтовтан 2 млн, ал «Бузгул Аурум» серіктестігінің бұрынғы басшысы Азат Найзағариннан 11 млн теңгеге жуық келтірген шығынның бір бөлігі өтелген.  

Ал «АлатауМұнайАлтын» АҚ бақылау кеңесінің бұрынғы төрағасы Бақытжан Кенжебаев 867 млн теңгеден аса қаражатты қайтарды. Бірақ өтелмеген қарыз әлі 4 млрд теңгеден асады, дейді зейнетақы қорының өкілдері.

Ақерке Бектас 


қарыз зейнетақы қоры Бузгул Аурум қылмыстық іс

Хабарламаларға жазылу