Көкшетауда бір тәулікте 48 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда бір тәулікте 48 адамнан коронавирус анықталды

20.11.2020

Ақмола облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырған 48 науқас анықталды. Олардың дені Көкшетаудың тұрғындары. Өңірдегі жалпы ахуал тұрақты дегенмен, Көкшетаудағы жағдай күрделі. Күніне шамамен 20 адам індет жұқтыруда. Осы айда ашылған жұқпалы ауруларды емдеу орталығында қазір 49 науқас ем қабылдауда. Алтауы жүкті әйел. Ауру жұқтырғандар көбейіп бара жатқандықтан мамандар санитарлық талаптарды қатаң сақтау керектігін ескертеді.     

Нариман Сыздықов, Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері: 
-Қазір қауіпті кезең. Бұл уақыт жыл сайын түрлі вирустардың қозатын мезгілі. Күн суытып жатыр, ылғал көп. Сондықтан тұрғындарды сақ болуға шақырамын. Бетперде кию, залалсыздандыру заттарын қолдау, адамдар көп жиналуы мүмкін жерлерге бармау сынды қарапайым ережелерді ұстану керек. Жауапкершілігімізді түсінген абзал.      

Ермек Елберген 


Көкшетау коронавирус Ақмола облысы

Хабарламаларға жазылу