Брюссельде коменданттық сағат ұзартылды
Бельгия астанасы Брюссель мен елдің Валлония аймағында коменданттық сағат желтоқсанның ортасына дейін ұзартылды. Індеттің таралуына тосқауыл қою үшін биліктегілер осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған. Елдегі соңғы ахуалды бізбен Брюссельден байланысқа шыққан әріптесім Нұрсұлу Қасымнан білейік.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
- Бельгияда жалпыұлттық оқшаулану қарашаның 1-де жарияланған болатын. 13-ші желтоқсанға дейін мейрамхана, кинотеатр, сауда орындары жабық. Қазір тек азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар ғана жұмыс істеп тұр. Десе де осы аптада елде ковид жұқтырушылар мен індеттен қайтыс болушылардың саны 24 пайызға азайған. Дегенмен, вирусологтар арқаны кеңге салуға әлі ерте деп отыр. Сол үшін Брюссель қаласы мен Валлония аймағында комменданттық сағат тағы бір айға ұзартылды. Яғни, кешкі сағат 10-нан таңғы 6-ға дейін тұрғындарға себепсіз үйден шығуға болмайды.Алғашқы толқын кезінде халықтың жауапкершілігі жоғары болып еді, ал екінші толқын басталғалы ережеге бағынбайтындар көбейген. Жасырын туған күн, кеш ұйымдастырып, комменданттық сағатты бұзуға қатысты 13 мың адамнан айыппұл өндірілген. Айыппұл мөлшері адам басына 250 еуро. Эпидемиологтар алдағы Рождество мерекесінен сескеніп отыр. Олар егер «халық карантин ережелерін сақтамаса, онда үшінші толқынға тап боламыз» деп дабыл қағуда.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XXV қысқы Олимпиада ойындарының кестесі
09.02.2026, 10:24
Қысқы олимпиада: Ұлттық құраманың ойындары
09.02.2026, 10:22
Бүгін қазақ поэзиясының қара нары Мұқағали Мақатаевтың туған күні
09.02.2026, 10:21
Димаштың тележобасы Қытайда 102 млн қаралым жинады
09.02.2026, 10:20
Ақмола облысында жыл соңына дейін 1300 отбасы баспаналы болады
09.02.2026, 10:19
Жаңа Конституцияның жобасы қоғам талқысында
09.02.2026, 10:18
Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтеді
09.02.2026, 10:18
Жапонияда парламенттік сайлауда биліктегі либералдық-демократиялық партия басымдықпен жеңіске жетті
09.02.2026, 10:16