Швейцарияда ер адам пойызда өрт шығарып, жолаушыларға пышақпен шабуыл жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швейцарияда ер адам пойызда өрт шығарып, жолаушыларға пышақпен шабуыл жасады

14.08.2016
Швейцарияда ер адам пойызда өрт шығарып, жолаушыларға пышақпен шабуыл жасады

Швейцарияның солтүстік-шығысындағы Санкт-Галлен кантонында пышақпен қаруланған ер адам пойыз жолаушыларына шабуыл жасады. Сонымен қатар, вагонда өрт шығарған.  Оқиға салдарынан алты адам жарақат алды, деп хабарлайды interfax.ru.

Олардың барлығы пышақ жарақаты және күйікпен ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендер арасында 6 жасар бала бар. 

Шабуыл жасаған адам да ауруханаға жеткізілді. Ол 27 жастағы швейцариялық болып шықты. 

Полиция қызметкерлері оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қылмыстың себебі анықталуда. 

Хабарламаларға жазылу