Оралда 10 көшенің құрылысы бітпей қалды

20.11.2020

Оралда биыл 10 көшенің құрылысы бітпей қалды. Бұған себеп -мердігерлердің жүктелген жұмысты уақытында аяқтамауы. Енді жалпы ұзындығы 12 шақырымнан асатын жолды жөндеу жұмыстары келер жылға қалып отыр. Аталған жобалар Жұмыспен қамту жол картасы аясында қолға алынған еді. Қазір өз міндетіне атүсті қараған екі құрылыс компаниясын лицензиядан айыру мәселесі қаралып отыр. 

Зауырбек Қыпшақбаев, инженер:
Жұмыс өте баяу жүргізілді. Немесе ұйымдастырушылық техниканың болмауынан, материалдардың жетіспеушілігінен қазіргі таңда осы қараша айына дейін созылып кетті. Осыған дейін біз қала көшелері бойынша 30 рет шығып бақылау жұмыстары жүргізілді, 47-ге жуық ақау анықталды.

Рауан Диәли

Хабарламаларға жазылу