Мал экспортына салынған тыйымның мерзімі ұзартылуы мүмкін

19.11.2020

Елімізде мал экспортына салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылуы мүмкін. Оның мерзімі осы қарашада аяқталған еді.  Ауыл шаруашылығы министрлігі мораторийді кезекті рет ұзартуға қатысты ұсыныс қаралып жатыр дейді. Нақты шешім 4-желтоқсанға дейін қабылдануы тиіс. Ірі қара мен қойды шетелге тасымалдауға жыл басында тыйым салынған.

Төрт түлік шекара асып жатқандықтан ет өнімдерін шығаратын зауыттарда өндіріс көлемі азайып, ет қымбаттаған еді. Енді экспортқа кезекті рет тыйым салынса, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің де мүддесін ескеру керек дейді экономистер.   

Досжан Маратұлы  


мал экспорты тыйым Ауыл шаруашылығы мораторий

Хабарламаларға жазылу