Жауаптылар жасанды желдету аппараттары жарамсыз деген ақпаратты жоққа шығарды

19.11.2020

Жамбыл және Түркістан облыстарының емдеу мекемелеріндегі жасанды желдету аппараттары қолдануға жарамсыз деген Сенатор Нұрлан Қылышбаевтың ақпараттын өңірдегі жауапты тұлғалар жоққа шығарды. Олардың айтуларынша, құрылғылар толық жұмыс істеп тұр. Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысының сөзіне сенсек, қазір өңірдегі 253 жасанды желдету аппараты іске жарамды. Түркістан облысындағы медициналық мекемелер де таяуда ғана алынған 58 қондырғыны түгел қолданып отыр, дейді өңірдегі жауапты мамандар. Ал, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов отандық қондырғылар резервте тұрғандықтан, қолданылмай отыр. 100-ден аса ИВЛ аппараттары іске жарамсыз деген дерек расталса, вице-министр қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді.  

  Талғат Жанжүменов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары: 
-Семей қаласында бір ауруханада бір компрессор істен шығып, бір күннің ішінде ол аппарат ауыстырылып, өз жұмысын жақсы сапамен істеп жатыр. Аппараттар жұмыс істемейді, уақытылы жеткізілмейді деген рекламациялар түспеді. Сапасы нашар деген ақпарат жалған. 
  Әсет Қалиев, Жамбыл денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
-Толық комплектациялы емес аппараттар бізде жоқ. Барлығы отандық өндірушілер арқылы республикадан келген 53 аппарат толық комплектациямен біздің емдеу мекемелерінің балансына алынды. Қазіргі таңда бізге келген аппараттардың барлығы жұмыс жасап тұр.  

Сәбит Әлдебай  


желдету аппараттары ақпарат Жамбыл Түркістан

Хабарламаларға жазылу