Елімізде жұмыс істеп жатқан шет елдік инвесторлар коронавирус індеті қатты таралған қиын кезеңде қаржылай қолдау көрсеткен.
Мәселен, Инвесторлар кеңесі қауымдастығы елордадағы көп салалы медицина орталығына 200 миллион теңгеге құрал-жабдық сатып әперді. Ал «Шеврон» компаниясы Атырау облысына құны 7 миллион доллар болатын оттегі концентраттарын сыйлаған. Ал «ArcelorMittal» Қарағандыда күнделікті ПТР-тестілеудің көлемін арттыру үшін 80 миллион теңге бөлген. Өзге компаниялар да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында індетті бірігіп жеңуге атсалысып келеді.
Ерлан Досымбеков, «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы:Шетелдік инвесторлар мұндай игі шараларды әлі де жалғастыруға ниетті. Өз тарапынан түрлі бастама көтеріп, көмек көрсетуге ұсыныстар беруде. Олардан түскен қаражат медицина қызметкерлеріне және науқастарды емдеуге жұмсалып жатыр.
Амангелді Сейітхан