Батыс Қазақстан облысында жүргізуші куәлігін алу мұңға айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында жүргізуші куәлігін алу мұңға айналды

18.11.2020

Батыс Қазақстан облысында жүргізуші куәлігін алу машақатқа айналды. Өйткені мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы автодром істен шыққан. Салдарынан емтихан тапсырушылар сағаттап кезек күтуде. Бұл жағдай бірінші рет қайталанып отырған жоқ. Басшылықтың айтуынша, мәселе автоматтандырылған көліктің жетіспеушілігінен туындап отыр.  

  Ирина Данилова, қала тұрғыны: 
-Ұлым 4-ші рет келіп тұр. 29 қазаннан бері емтихан тапсыра алмай жүр. Үнемі автодромнан бір ақау табылады. Жалғыз біз емес, емтиханын тапсыра алмай жүргендер жетіп артылады.  
Луиза Құсайынова, қалалық мамандандырылған ХҚКО бөлім басшысы: 
-Өкінішке орай қазір жүйеде техникалық ақаулар орын алуда. Бірақ оның барлығы ретке келеді. Көпшілік автоматты қорапты көліктер де емтихан тапсырғысы келеді. Бізде небәрі екі көлік болса оның бірі автомат, екіншісі механика. Қазір тағы да б санатты көлік алу туралы келіссөз жүргізудеміз. Сондықтан мәселе шешілетін болады.  


Батыс Қазақстан облысы жүргізуші куәлігі

Хабарламаларға жазылу