Еңбек мигранттарына зейнетақы жарнасы төленуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек мигранттарына зейнетақы жарнасы төленуі мүмкін

18.11.2020

ЕАЭО елдерінде кемінде 1 жыл заңды жұмыс істейтін еңбек мигранттарына зейнетақы жарнасы төленуі мүмкін. Бұл мәселе бұған дейін реттелмей келген еді. Одақ елдерінде еңбек етіп жүрген азаматтардың зейнетақы төлемін есептеуде жұмыс өтілі ескерілмей келді. Жаңа ережелер қамтылған құжат келер жылы күшіне енуі мүмкін. Әзірге тек Армения мен Беларусь келісімді толығымен ратификациялады. Жаплы статистика бойынша, елден жұмыс істеуге Ресейге кететіндер көп. 5 жыл бұрын 70 мың адам барса, былтыр 136 мыңнан аса азамат еңбек етуге кеткен.   

Ақерке Бектас


Еңбек мигранттары зейнетақы жарнасы ЕАЭО

Хабарламаларға жазылу