ШҚО-дағы санитарлық бекеттерде дәрігерлерге жағдай жасалмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы санитарлық бекеттерде дәрігерлерге жағдай жасалмаған

18.11.2020

Шығыс Қазақстанда санитарлық бекеттерде көлік кептелісі болды. Оған себеп - аяз түскелі термометр істен шығып жатыр. Әрі дәрігерлер де суыққа шыдамай жатқанын айтып шағымданды. Ал облыс тұрғындары сол жердегі көлік кептелісінде тұруға мәжбүр. Соңғы бір неше күннен бері өңірде ауа температурасы күрт төмендеп, қыс қаһарына мінді. Күн суытып кеткеніне қарамастан санитарлық бекетте тұрған медицина қызметкерлері ары-бері өткен жолаушылардың дене қызуын тексеруге міндетті. Санитарлық бекеттің қасына қойылған қостың ішінде де қызметкерлерге ешқандай жағдай жасалмаған. Пеш жағып отырғанымен, күндіз-түні жұмыс істейтін адамдар жылынатын жер таппай, бүрсең қағып жүр.  

Айгүл, дәрігер:
Алдымен жағдай жасау керек қой, суық болса. Мынаның ішінде отыру мүмкін емес, бұл жазғы шатыр мысалы. Жылынатын жеріміз – осы.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу