Заңсыз пәтер үлестірген тұрғын үй бөлімінің бұрынғы қызметкері сотталуы мүмкін

17.11.2020

Түркістан қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы қызметкері пәтерлерді заңсыз үлестірген. Қалалық прокуратура 37 адамға жаңа пәтерге жалған құжат жасап берген статист маманның ісін сотқа жолдады. Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдіктінің 9 дерек бойынша қылмысы дәлелденген. Ол жәбірленушілердің әрқайсысынан 1,5-нан 2 миллион теңгеге дейін сыйақы алған. Күдіктінің қылмыстық әрекетін қалалық әкімдіктегілер әшкерелеп, полицияға арызданған. Қылмыстық істі қарау барысында пәтерлерге заңсыз қоныстанған 16 адам өз еркімен баспаналарын босатып берсе, қалған 21 тұрғынның мәселесі сотта қаралды.   

Жаннұр Ахметбек, Түркістан қаласының прокуроры: 
- Бүгінгі күнде екі пәтер босамаған. Ол бойынша сот шешімі мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушыларға жолданған. Олар бойынша мәжбүрлеп шығару атқару әрекеттері жүргізіледі сот орындаушылармен.  


Заңсыз пәтер тұрғын үй сот

Хабарламаларға жазылу