Мұнай бағасы қайта өсе бастады

16.11.2020

Құлдырап жатқан қара алтын құны қайта қымбаттай бастады. Бағаның өсуіне президент Джо Байденнің Америкада қатаң карантиндік шектеулер енгізілмейді деген мәлімдемесі әсер етті дейді сарапшылар.  

Өйткені шектеулер болмаса, энергетикалық компаниялар жұмысын тоқтатпайды. Сәйкесінше қара алтынға сұраныс азаймайды. Қазір Brent маркалы мұнай сәл қымбаттап бөшкесі 43 доллардан сатылып жатыр. Содан болар теңге де долларға шаққанда екі теңгеге нығайды. Бір АҚШ ақшасы 429 теңгеге тең. Жалпы сарапшылар 2021 жылы мұнай бағасы 50 доллардан асып, ұлттық валютамыз нығаяды деп болжап отыр.

Досжан Маратұлы


Мұнай баға

Хабарламаларға жазылу