Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Түркістанға әуе рейстері ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Түркістанға әуе рейстері ашылады

16.11.2020

1 желтоқсаннан бастап Алматы және Нұр-Сұлтаннан Түркістан қаласына әуе рейстері ашылады. Алғашқы бағыт – елорда. Сондай-ақ, Түркістан халықаралық әуежайынан ең алғашқы шетелдік рейс Түркия еліне ашылады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты. Әзірге әуе қатынасының басталуы пандемияға байланысты болып отыр. Баспасөз мәслихатында аймақ басшысы өңірдің жалпы дамуы туралы айтып берді. 

Мәселен, апаттың салдарынан Мақтааралда осы уақытқа дейін 28 отбасы монша мен балабақшаларда өмір сүріп келген еді. Енді ауданда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. «Облыс жас болғандықтан, әзірге Арыс пен Мақтааралды қалпына келтіру жұмыстарына басымдық беріліп отыр»,- дейді өңір басшысы. Жалпы, келер жылдан бастап қаланың инфрақұрылымы жақсармақ. Бүгінде шаһарда 177 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу