Павлодарда полицейлер караоке-барды күзетіп, сауық құрғандарды әрең ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда полицейлер караоке-барды күзетіп, сауық құрғандарды әрең ұстады

16.11.2020

Павлодарда караоке-бардын есігін аштыра алмаған полиция таңғы 4:00-ге дейін ғимаратты күзетіп, сауық құрғандарды әрең ұстады. Әбден «қызып» алған 28 демалушы мен бардың 8 қызметшісі бірден полиция бөліміне жеткізілді. Карантин талабын ескермегендер әкімшілік жауапқа тартылып, ірі көлемде айыппұл төлеп жатыр. Деседе, мейрамхана мен дәмхана иелерін бұл тоқтатар емес. Өткен аптада түнде жұмыс істеген 4 нысан, ал осы демалыс күндері 8 ойын-сауық мекемесі анықталды.

Жанна Белялова, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Ойын-сауық мекемесін іштен жауып алып, ашпай қойды. Музыка ойнап тұрды. Амал болмаған соң, екі патрульдік топты күзетке қойдық. 5 сағат уақыт өкен соң барып іштегі адамдар үйлеріне қайту үшін есікті ашқызды. Енді кафе-бар иесі карантин талабын бұзу мен қатар билік өкілдеріне бағынбау дерегі бойынша да жауапқа тартылады.

Оралда тойға келген қонақтар мониторингтік топ өкілдерін көріп тұра қашқан. Бастапқыда тексеруге келгендер ішке кіре алмаған. Тек учаскелік полиция келіп, есікті бұзамыз дегеннен кейін ғана қақпа ашылған. Сол сәтте іштегі 60 шақты адам сыртқа лап қойып, қаша жөнелді. Той иесіне айыппұл салынды. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу