Атырау облысында өндіріс көлемі артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында өндіріс көлемі артқан

13.11.2020

Атырау облысындағы емдеу мекемелері коронавирустың екінші тоқынына сақадай-сай. 2080 төсек орын және 120 реанимациялық стационар дайын. Медицина саласында кадр тапшылығы да шешілді. 93 жас маман жұмысқа тартылды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. 

Өңірде өткір тұрған экология мәселесіне де тоқталды. Енді экологиялық проблеманы шешу - ірі мұнай-газ кәсіпорындарына жүктеледі. Қара алтын өндіруге атсалысатын компаниялар жыл сайын 100 мың көшет отырғызуы тиіс. Облыс әкімі халықтың наразылығын тудырған қала аумағындағы Мұнай өңдеу зауытының басқа жаққа көшірілмейтінін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, 1 қараша күні зауыттан ақау шығып, көп мөлшердегі мұнай аралас су буландыру алаңына төгілді.

Елімізде 10 айда өндірілген мұнайдың 55 пайызы Атырау өңіріне тиесілі. Теңіз кен орнындағы «Келешек кеңею» жобасы 80 процентке аяқталды. Бірегей жоба - мұнай өндірудің жылдық қуатын 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Өңірде балық шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Өнім - әлемнің 10-нан астам еліне экспортталады. 10 айда 7 300 тонна балық ауланды.   

Жандос Темірғали                                                           


Атырау облысы өндіріс

Хабарламаларға жазылу