Шымкентте өсімдік майының бағасы 10%-ке қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте өсімдік майының бағасы 10%-ке қымбаттады

13.11.2020

Шымкентте өсімдік майы мен бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы қымбаттап кетті. Бұған дейін 2 жарым мың теңгеден сатылып келген 5 литрлік ыдыстағы май қазір 3 мың теңгеге саудаланып жатыр. Аймақтағы май шығаратын кәсіпорындар тауар бағасының өсуіне шикізаттың қымбаттауы себеп дейді. Әзірге шаһардағы әлеуметтік дүкендер ғана өсімдік майының бағасын белгіленген шектік мөлшерден, яғни 419 теңгеден асырмай отыр. Өйткені бұл сауда орындарына тауар тұрақтандыру қорынан жеткізіледі. Сондай-ақ шаһар базарларында қант, алма, картоп пен сәбіз бағасы да 10-15 теңгеге өскен.   

Қайрат Базарбеков, Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы: 
-Құзырлы мекемемен бұл бойынша зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар тұрақтандыру қорында 300 мың литр өсімдік майы бар. Қазір соны тауардың инвентарын жүрігізіп, сауда нысандарына белгіленген бағада шығаратын боламыз.   

Досжан Маратұлы  


өсімдік майы Шымкент

Хабарламаларға жазылу