Көкшетауда балабақша қызметкерінен коронавирус анықталды
Көкшетауда балабақша қызметкерінен коронавирус анықталды. Сондықтан бүгін мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды. Эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр.
Ермек Елберген, тілші:Коронавирус инфекциясы балабақшада жұмыс істейтін медицина қызметкерінде және бір тәрбиеленуші балада анықталды. Медбике күнделікті балалардың дене қызуын тексереді, асхана жұмысын бақылайды, яғни балалармен тығыз байланыста болған. Сондықтан балабақша толық жабылды. Мұнда 118 бала тәрбиеленген. Олар қазір үйлерінде. Күнделікті бақылауда.
Бұл - Көкшетауда қараша айында жабылған үшінші мектепке дейінгі мекеме. Осыған дейін балабақша және шағын орталық жұмысын тоқтатқан болатын. Сондай-ақ, 9 топ жабылды. Барлық ошақтар бойынша тексеріс жүргізіліп, байланыста болғандар бақылауға алынды.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бала асырап алу ережелері өзгерді
19.03.2026, 20:59
Сауалнама: Қазақстандық елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді оң қабылдап отыр
19.03.2026, 20:57
Конституция мемлекет дамуындағы жаңа белесті айқындап берді
19.03.2026, 20:55
Еріктілер 300 түп көшет отырғызды
19.03.2026, 20:53
Digital Nauryz студенттік форумы өтті
19.03.2026, 20:51
Топтық кезең ойындары аяқталды
19.03.2026, 20:49
Денсаулық сақтау жүйесін реформалау күшейтілмек
19.03.2026, 20:47
Молдова және Украина елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
19.03.2026, 20:45