Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енді

13.11.2020
Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енді

Бұл туралы бүгін 13 қарашада Үкімет қаулысы қабылданды.  

«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 444-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiнде: «Сүт қоректiлер класы Mammalia Класс – Млекопитающие» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 128-1-жолмен толықтырылсын», делінген қаулыда.

Сондай-ақ, қаулыда осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетіні туралы хабарланды.


Каспий итбалығы Қызыл кітап

Хабарламаларға жазылу