Алматыда бір түнде 39 жол-көлік оқиғасы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір түнде 39 жол-көлік оқиғасы тіркелді

13.11.2020

Алматыда 39 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тапты.

Ауа райының қолайсыздығынан тағы тоғыз адам дене жарақатын алған. Қала әкімдігінің мәліметінше, шаһарда бір түнде 7 сантиметр, ал таулы аймақта 10 сантиметрден аса қар жауған. Мегополисті қардан тазалау жұмыстарына 600-ге жуық техника мен мың жарым жұмысшы тартылған. Казгидромет мамандарының мәліметінше, алдағы үш тәулікте ауа райы күрт суытады. Қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін. Ал қалалық Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын жолда абай болуға шақырды. 

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
Жол жүру ережесін қатаң сақтау және автокөлік жүргізушілерінің өз көліктерін қысқа дайындау мәселелері бұл бірінші кезекте жолдағы ахуалдың тұрақты болуына себебін тигізеді. Сондықтан осы нормалардың дер кезінде орындалуын полиция қызметкерлері талап етеді. 

Қуан Нұрақын

Алматы жол апаты

Хабарламаларға жазылу