Алматы көшесінде қарумен жүрген азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы көшесінде қарумен жүрген азамат ұсталды

13.11.2020

Алматыда қаруланған тұрғын ұсталды. Қаладағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетіп жүрген Ұлттық Ұланның әскери жасағының жедел басқару орталығына күдікті туралы хабар түседі. Жедел әрекет еткен әскери жасақ Медеу ауданынан сезік тудырған үш адамды байқап, ізіне түскен. Ұландықтарды байқаған олар қашуға әрекет жасайды. Бірақ тәртіп сақшылары алысқа ұзатпай ұстаған. Күдік тудырған азаматтар аудандық полиция бөлімшесінің шұғыл тергеу тобына табысталды.  

Данара Баймағанбетова, ҚР Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының өкілі:
Куәлердің көзінше күдіктілерді тінту барысында 26 жастағы бір азаматтың қол сөмкесінен үш қару шықты. 

Қуан Нұрақын

Алматы қару Ұлттық Ұлан

Хабарламаларға жазылу