Ұлыбританияда Абай шығармаларының ағылшын тіліндегі жаңа жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда Абай шығармаларының ағылшын тіліндегі жаңа жинағы жарық көрді

12.11.2020

Ұлыбританияда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы шығармаларының ағылшын тіліндегі жаңа жинағының онлайн тұсаукесері өтті. Кітаптың басты ерекшелігі: туындылар қазақ тілінен ағылшынға тіке аударылған. Бұған дейін Абайдың өлеңдері мен қара сөздері орысшадан тәржімаланып келді. Жобаны Ұлттық аударма бюросы және әлемге әйгілі Кембридж университетінің баспасы іске асырды. 3000 данамен шыққан кітап жергілікті университеттер мен кітапханаларға таратылады. Онлайн оқуға да болады. Жинаққа ақынның 145 өлеңі, 3 поэмасы мен Қара сөздері енген.   

Шон О’Брайен, аудармашы, ақын:  
-Абай - сан қырлы ақын. Ол махаббат, діни ұстаным, өмір ағымы, өлім, салт-дәстүр, саятшылық туралы жазған. Аударманың сәтті шығуы үшін кәсіби күш-жігерімді аямадым. 
Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:  
-Ағылшын тілі миллиардтан астам адамның ортақ тілі. Абайдың толық шығармалар жинағының ағылшын тіліне аударылуын ақын шығармалары миллиард оқырманға ұсынылды деген сөз.  


Ұлыбритания Абай шығармалары жаңа жинақ

Хабарламаларға жазылу