Президент дәрі-дәрмек бағасын бақылауда ұстауды тапсырды

12.11.2020

Дәрі-дәрмек бағасы айырықша бақылауда болуы тиіс. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдау кезінде, оған осындай міндет жүктеді. Президент жақында қайта құрылған агенттіктің атқарылған жұмыстарымен танысты және ПТР сынамасы, қорғаныш құралдары мен дәрі-дәрмектің бағасын ерекше назарда ұстау қажеттігін айтты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік басшысына экономиканың тиімділігін арттыруға, тауар биржасы мен бәсекелестікті одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. 

Шерхан Жамбылұлы 

Президент дәрі-дәрмек баға ПТР

Хабарламаларға жазылу