Құс тұмауы: СҚО-да 34 ауылдан карантин алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құс тұмауы: СҚО-да 34 ауылдан карантин алынды

12.11.2020

Солтүстік Қазақстанда құс тұмауына байланысты карантинге жабылған 52 ауылдың 34-інен шектеу алынды. Қалғандары ветеринарлық жұмыстар аяқталғасын ашылады. Жалпы, өңірде бір миллионға жуық құс қырылды. Осыған дейін, қыркүйекте құстары қырылып қалған тұрғындар өтемақысын алды. Енді қазан айында қаз-үйрегінен айырылғандарға ақша беріле бастайды. Ол үшін бюджеттен 25 миллион теңге бөлінді. 

Берік Әлжанов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
Нарықтағы баға бойынша Статистика департаментінің ақпараты бойынша жұмыртқа бағытындағы тауықтар – 951, етті тауықтар – 1358, күркетауықтар- 7657. Қаздар – 5431, үйректерге 2806 теңгеден төленетін болды. Бұл өткен аймен салыстырғанда көбірек.

Сағындық Сәбитұлы

құс тұмауы

Хабарламаларға жазылу