«Гарант 24 Ломбардқа» қатысты тергеу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Гарант 24 Ломбардқа» қатысты тергеу аяқталды

12.11.2020

Жұртты шулатқан «Гарант 24 Ломбард» қаржы пирамидасына қатысты тергеу ісі аяқталды. Полицияға 18 мыңнан аса арыз түсіп, жәбірленушілер 22 миллиард теңге көлемінде шығынға ұшыраған. 

Қылмыстық топты құрықтауға 150-ден аса тергеушілер мен анықтаушылар жұмылдырылған. Нәтижесінде жауапкершілікке 56 адам тартылып, бес адам әлі іздестіріліп жатыр. Күдіктілерден 70 миллион теңге тәркіленіп, 22 миллиард теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.

Санжар Әділов, ІІМ Тергеу департаментінің басшысы:
Жәбірленшілер өз ақшасын қалай қайтарады? Қылмыстық топтан тәркілеген қаражат пен мүліктердің есебінен халық өз ақшасын қайтара алады. Бірақ бәрі сот шешімімен жүзеге асады. 

Сондай-ақ, Ақтөбеде «Голд компани» серіктестігіне қатысты тергеу тоқтады. 2,5 мың адамнан арыз түскен компаниядан 32 миллион теңге тәркіленген. Күдіктілер Ресей азаматтары. Олар арам ойларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанға арнайы келген. Одан бөлек өзге қаржы пирамидаларына қатысты да тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Ақниет Балтанова

қаржы пирамидасы

Хабарламаларға жазылу