Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы анасымен қауыштырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы анасымен қауыштырды

11.11.2020

Шымкенттік полицейлер жоғалып кеткен баланы анасымен қауыштырды. 5 жастағы бала кешкі сағат 21:00 шамасында жоғалып кеткен. Үйін таба алмай адасып жүрген оны әлдекімдер көріп, дереу полицияға хабар берген. Хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторы, лейтенант Әкежан Есмаханбетов дереу баланың мекенжайын анықтап, анасына аман-есен жеткізді. 

Ғани Қалмахан

шымкент полиция

Хабарламаларға жазылу