Атырауда құстар SCAT ұшағына соғылып, ұшқыш шұғыл қонуға мәжбүр болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда құстар SCAT ұшағына соғылып, ұшқыш шұғыл қонуға мәжбүр болды

11.11.2020

Атыраудан Нұр-Сұлтанға бағыт алған «SCAT» әуе компаниясының ұшағы, кеше түнде қайта қонуға мәжбүр болды. Ұшақ аспанға көтерілгенде құстар соғылған. Оқыс жағдай кезінде бортта 115 жолаушы болған. 

Жандос Темірғали, тілші: 
Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақ Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайдан түнгі 22:05-те әуеге көтерілген. Арада 12 минут өткенде топтасып ұшқан құстар ұшаққа соғылған. Салдарынан қозғалтқышта ақау шыққан. Сол сәтте, әуе кемесі теңселіп, бортта абыр-сабыр басталған. Техникалық кінәратты дер кезінде байқаған борт командирі ұшақты жерге қайта қондырды. 
Виктория Старожилова, әуе компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі: 
Бір өкініштісі, құстар ұшақтардың ұшуына кедергі келтіріп-ақ тұр. Мәселе өте өзекті. Мұндай жағдай қайталанбас үшін нақты шара қолдану керек. Ал жолаушылардың аман алып қалған әуе кемесінің командирі Иван Карпович сын сағатта біліктілігін көрсетті. Оны марапатқа ұсынамыз.
Жандос Темірғали, тілші:
Ұшақ штаттық режимде қайта қонды. Тұраққа өзі жеткен. Бастысы жолаушылар дін аман. Зардап шеккендер жоқ. 115 адамның кейбірі билетін басқа күнге ауыстырды. Ал ұшудан бас тартқан жолаушыларға ақшасы кері қайтарылатын болды. 
атырау ұшақ

Хабарламаларға жазылу