Шымкентте ҚКХП қатарына жаңа мүшелерді қабылдау салтанаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ҚКХП қатарына жаңа мүшелерді қабылдау салтанаты өтті

09.11.2020

Шымкентте Қазақстан коммунистері халық партиясының мүшелері Ленин ескерткішіне гүл қойды. Салтанатты шарада партия қатарына қабылданған азаматтарға саяси ұйымның билеттері табыс етілді. Мұнан соң жас белсенділер еңбек ардагерінің шаңырағына барып, үй шаруасына қолғабыс етті.

Нұрлан Қадырқұлов, ҚКХП Шымкент қалалық комитетінің бірінші хатшысы:
Біздің басты мақсатымыз - қоғамда әлеуметтік теңдік орнату, билікті халықтың қолына беру және тұрмыс-тіршілігі нашар азаматтарға көмек беру. Біз осы бағыттағы жұмыстарымызды жандандыра отырып, социализмге жол ашатын боламыз. 

Ғани Қалмахан

Шымкент ҚКХП

Хабарламаларға жазылу