Павлодар мен Петропавл қалалары карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар мен Петропавл қалалары карантинге жабылды

09.11.2020

Бүгіннен бастап Павлодар, Петропавл қалалары карантинге жабылып, Қостанай облысына кіріп-шығу шектелді. Ал, өткен сенбіден бастап Ақмола облысы аумағында санитарлық бекеттер жұмыс істей бастады.

Болат Аманбаев, тілші:
Мен қазір Павлодарға кіретін негізгі қақпада тұрмын. Дәл осы жол арқылы шекаралас Ресейге, бір жағы Шығыс Қазақстан облысына баратын айрық жолға шығуға болады. Соған қарамастан еш кептеліс жоқ. Түнгі сағат 00.00-ден бастап мыңдаған көлік өткен. Жолаушылар қалаға не мақсатпен кіріп, шығатыны жайлы анықтамаларын көрсетіп өтіп жатыр. Барлық мәлімет жедел әрекет ету орталығына жіберіледі. Рас, қалаға кіргізбей кері қайтарылып жатқан көліктер бар. Нақты себебін осы бекеттің жетекшісі айтып береді.
Нұрғали Омарбеков, қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары:
Бүгінгі күнде облысымызда 86 автокөлік кері қайтарылды. Олар еш себепсіз қалаға кірмекші болды. 
Болат Аманбаев, тілші:
Облыс бойынша дәл осындай 12 блок-бекет қойылды. Бір айта кетері ауа райының құбылмалы, жайсыз болуына байланысты блокпоста жұмыс істейтін әйел адамдар саны мейлінше қысқартылған. 

Сағындық Сәбитұлы, тілші:

Бүгін түннен бастап Петропавл қаласында да блок-бекеттер орнатылып, автокөлік қозғалысына шектеу қойылды. 

Шаһарға аумағынан өтетін транзиттік жүк көліктерінің жүргізушілері ПТР тестен өткені туралы анықмасы болуы тиіс. Болмаса, екі күндік карантинге жатқызылып, тест тапсырады. Тек автожолдарда ғана емес, темір жолда да бақылау күшейді. Енді Алматы- Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызы аптасына 3 рет қана қатынайды, бұрын күн сайын жүретін. 

Сонымен қоса, облыс аумағында жүк пойыздарының тоқтауына тыйым салынды. Әуе жолдары бойынша, Петропавлдан ұшатын азаматтрадың ПТР тестен өткендігі туралы анықтамасы боулы шарт.  

Павлодар Петропавл

Хабарламаларға жазылу