Оралдың айналасына блок-бекеттер қойылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдың айналасына блок-бекеттер қойылуы мүмкін

06.11.2020

БҚО-ның бас санитарлық дәрігері 9 қарашадан Орал қаласын блок-бекеттермен шегендеуді ұсынып отыр. Бұған індет жұқтырғандардың күн санап артуы себеп. Мәселен кеше, 5 қарашада жұқпалы вирус 49 адамнан анықталды. Бұл 2 күн бұрынғы көрсеткіштен үш есе жоғары. Шекарадағы шектеулер де күшейді. Бұрын тек Ресейден келетін ел азаматтары тестілік тексеруден өтсе, енді халықаралық жүк тасымалдаушылары да бақылауға алынды. 

Нұрлыбек Мұстаев, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Ресей Федерациясымен екіжақты жүк тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілерден де ПТР сынамасын талап етудеміз. Бүгінгі таңда 5800-дей көлік жүргізуші өтті, оның 1544-інде ПТР сынамасы болжан жоқ. Жүргізушілерден сол жерде сынама алынды. Нәтижесінде 10 жүргізушіден індет анықталды.

Алматы облысының Шығыс Қазақстан облысымен шектесетін тұсына да санитарлық бекет қойылды. Мамандар облысқа кірген, шыққан азаматтардың дене қызуын өлшеп, мәліметтерін жазып отырады. Сондай-ақ 6 қарашадан өңірде санитарлық талаптар күшейтілді. Облыстық бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес 2000 шаршы метрден асатын сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтады. Қоғамдық тамақтану орындары, мейрамханалар мен дәмханалар да жабылды. 

Рауан Диәли

Орал БҚО блок-бекет

Хабарламаларға жазылу