«Аралтұз», «ARBA WINE»: Қазақстан Қытайға $54 млрд азық-түлік экспорттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аралтұз», «ARBA WINE»: Қазақстан Қытайға $54 млрд азық-түлік экспорттады

06.11.2020
«Аралтұз», «ARBA WINE»: Қазақстан Қытайға  $54 млрд азық-түлік экспорттады

Шанхайдағы халықаралық сауда көрмесінде Қазақстанның атынан 35 компания қатысады, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.  

Көрме 2020 жылғы 5-10 қараша аралығында өтеді және қазақстандық тамақ өнімдерінің Қытай нарығына тікелей шығуы үшін тиімді алаң болып табылады. 

«Шанхай көрмесі В2В форматындағы сұранысқа ие сауда алаңдарының бірі болып табылады. Бұл әсіресе биылғы жылы, пандемияға байланысты жаһандық шектеулерге қатысты. Көрме алаңында Қазақстандық компаниялар Қытайда бизнес-серіктестер табуға мүмкіндік алды. Биылғы көрме қазақстандық тауарларды сатып алуға мүдделі көптеген қонақтарды тартады деп үміттенеміз», - деп түсіндірді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. 

Біздің еліміздің өнімдерін тамақ секторының 35 компаниясы ұсынады. Оның 27-сі Сауда және интеграция министрлігі іске қосқан экспорттық акселерация бағдарламасына қатысушылар.  Экспорттық акселерация бағдарламасы 2020-2025 жылдар кезеңіне есептелген. Шамамен 300 қазақстандық компания алғаш рет халықаралық нарықтарға шығу тәжірибесіне ие болады және алғашқы экспорттық келісімшарттарды жасасады. 

«Соңғы 4 жылда Қазақстаннан Қытайға тамақ өнімдерін жеткізу көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны 2015 жылғы 31 млн. АҚШ долларынан 2019 жылы 146 млн. АҚШ долларына ұлғая отырып 47% құрады. 2019 жылғы жағдай бойынша тамақ өнімдері импортының көлемі 54 млрд. АҚШ долларын құрады (соңғы 4 жыл ішінде орташа жылдық өсу қарқыны 11% болды)», - делінген министрлік таратқан мәліметте. 

CIIE 2020 қатысушы қазақстандық компаниялар көрмеде 8 санатта өнімдерді ұсынады: 1) ұн тарту өнеркәсібі, крахмалдар және крахмал өнімдері, 2) тұз, 3) сусындар, 4) балық, ет және ет консервілері, 5) сүт өнімдері, 6) кондитерлік өнімдер және бал, 7) өсімдік майлары 8) тұздықтар. Көрмеге шығатын өнімдер тізімі:

1 «Баян Сулу» АҚ Вафли, шоколад

2 «Kondiz Distribution» ЖШС Кремді печенье, қытырлақ печенье, ұсақталған печенье

3 «Кондитерская фабрика Сауле» ЖШС Вафли, печенье, пряниктер, мұздатылған қабатты қамыр

4 «Кублей» ЖШС Мұздатылған сиыр еті және балық консервісі

5 «Meat Processing and Service» ЖШС Мұздатылған сүйекті және сүйексіз сиыр еті

6 «KAZBEEF GROUP» ЖШС Мұздатылған сиыр еті

7 «ПЕРВОМАЙСКИЕ ДЕЛИКАТЕСЫ» ЖШС Мұздатылған сиыр еті

8 «Аралтуз» АҚ Ас тұзы

9 «Дани-Нан» ЖШС Бидай ұны

10 «БЕСТ-КОСТАНАЙ» ЖШС Бидай ұны

11 «Кустанайская Мукомольная Компания» ЖШС (немесе»Хлебный Дом LTD» ЖШС Тазартылған және тазартылмаған бидай ұны, күнбағыс майы

12 «Компания «САЛАМАТ» ЖШС Бидай ұны

13 «BIO Operations» ЖШС Бидай крахмалы, бидай дәнінің маңызы (глютен)

14 «Аруана-2010» ЖШС Бидай ұны

15 «Султан-Маркетинг» ЖШС Макарон , ұн

16 «ТОРГОВЫЙ ДОМ «АМАНАТ» ЖШС Жедел кеспе, макарон

  FMCG санатындағы тамақ өнімдері: сары май, күнбағыс майы, маргариндер, спредтер, дәмдеуіштер, тұздықтар, майонездер, кетчуптар, дәмдеуіштер, сүт шикізатынан жасалған өнімдер

18 «Kaz-Ir Agro» ЖШС Сафлоровое масло холодного отжима

19 «ДЕП» ЖШС Қоюландырылған сүт

20 «ЕвразияИнвест Ltd.» ЖШС Ұнтақталған бие сүті, ұнтақталған түйе сүті

21 «Лидер 2010» ЖШС Қышқыл сүтті газдалған сусын (Тан)

22 «Global Beverages» ЖШС Ауыз су, арақ

23 «Нуржанар» АҚ Квас

24 «ARBA WINE» ЖШС Шарап

25 «Компания ОБИС» ЖШС Құрамында шырыны бар сусындар, шырындар мен балшырындар, артезиан ауыз суы

26 «Рыбпром» ЖШС Тұщы су балық түрлерінен мұздатылған балық өнімдері: тұқы еті, жылан бас балық. Балық жартылай фабрикаттары (балық шарлары, наггетстер)

27 «RG Brands Kazakhstan» ЖШС Шырындар, нектраттар, ауыз су

28 «Пчела» ЖШС Табиғи бал

29 «Миллер и К» ЖШС Ұн өнімдері

30 «ЭФКО Алматы» ЖШС Май өнімдері, рапс майы, соя майы

31 «Сердичи» ЖК Нан, крекер, кептірілген тоқаш

32 «Жайма ЛТД» МТС Ет өнімі

33 «Абая» ЖШС Ет өнімі

34 «Каып-ата» ЖШС Ет өнімі

35 «Ново-альджанский мелкомбинат» ЖШС Ұн өнімдері

Қытай экспорт Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрлігі

Хабарламаларға жазылу