Қазақстанның зейнетақы жинағын пайдалану жүйесіне түркиялықтар қызығып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның зейнетақы жинағын пайдалану жүйесіне түркиялықтар қызығып отыр

05.11.2020

Зейнетақы қорына жиналған ақшаның бір бөлігін алу туралы Қазақстанның бастамасына өзге елдер қызығып жатыр. Мәселен - Түркия азаматтары зейнетақы үшін Әлеуметтік сақтандыру қорына жинаған ақшасын ала алмайды. Бұл елдегі ең төменгі зейнетақы 1600 лира, бұл шамамен 90 мың теңге. Ал ең жоғары зейнетақы 560 мың теңге. Алдағы уақытта зейнет жасын жыл сайын бір жылға ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл реформадан кейін ерлер үшін зейнет жасы - 65, әйелдер үшін – 60 болмақ. Тағы бір ерекшелік – зейнетке шыққан адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақысын жұбайы алып отырады. 

Кемал Бирдишли, Әлеуметтік сақтандыру қорының ардагер қызметкері:
Әскери қызметкерлер ғана қаржы биржасына салу үшін ақшасының бір бөлігін ала алады. Ал зейнетке шыққан әр азаматқа егер жинаған ақшасы жеткілікті болса, 30 мыңнан 80 мың лираға дейін бір реттік төлем жасалады. Зейнетақы қорына жиналған ақшаның бір бөлігін алу туралы Қазақстанның бұл жүйесі тиімді екен. Егер бізде болса, көп адам бұл жаңашылдықты қуана қабылдар еді. 

Асима Нұрбайқызы

Зейнетақы зейнетақы жинағын пайдалану

Хабарламаларға жазылу